Атырауда байқаушылар алдағы сайлауға дайындықты бастады

(0 Votes)

Облыс бойынша байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудағы ерекшелік - әкімдерді халықтың өзі сайлайды. Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне бақылаушыларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні бізбен бірге уческелерге барып, байқаушы боламын деген кез-келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекен-жайында жүргізіледі.

img-20210714-wa0034

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT