Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр

(0 Votes)

25 қазан Республика күні қарсаңында, Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды. Жарыста 700-ден астам балуан бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатыны Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен «Qazaq kuresi» ассоциациясының, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Жарысқа еліміздің 17 облысы пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ден астам балуан қатысуда. Байрақты бәсекеде ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі мен одан жоғары салмақ дәрежесінде мықтылар анықталады.

«Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі – қазақ күресі. Спорттың бұл түрі өскелең ұрпақтың шымыр әрі білекті, дені сау болып қалыптасуына ықпал етеді.

Қазір Атырау облысында да қазақ күресі кең қанат жайып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен жоғары спорт шеберлігі мектебінде арнайы секциялар жұмыс істейді.

Қазақ күресімен тұрақты шұғылданатын атыраулық спортшылардың қатары 3500-тен асты», -дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Ұйымдастырушыладың айтуынша, үздіктер келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жүгіруден Atyrau Marathon – 2022 қайырымдылық марафоны өткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика