Атырауда аудиторлық тексеру комиссиясының қорытындысы жарияланды

(0 Votes)

Өңірдегі бюджеттің атқарылуы туралы аудит бойынша іс-шара қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға облыстық Мәслихат депутаттары, құзырлы орган басшылары және онлайн режимде аудан әкімдері қатысты.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асылан Құмаров тексеріс қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады.

-Тексеріс бойынша 13 объект қамтылды. Аудит 2019 жылдың  01 қаңтар мен 2022 жылдың 31 наурыз аралығына жүргізілді. Олардан қаржылық бұзушылық анықталды. Қаржылық жоспарлау бойынша басқармалар мен мекемелер дұрыс жоспар құрмайды, соның салдары артық қаржыны бюджетке қайтаруға әкеп соғады, деген А.Құмаров, әр аудандарға жеке-жеке тоқталып өтті.  

Тексеріс нәтижесімен облыстық ауылшаруашылығы, құрылыс, сондай-ақ кәсіпкерлік және туризм басқармаларында қаржылық жоспарлауда кемшілік кететіні анықталып отыр.  

Ал, Мәслихат депуттаттары Қайрат Қоныс пен Нәсіп Шалабаева субсидиялаудың кешіктірілуі мен қабылданған шешімдердің берер нәтижесі туралы сауалдар қойды.

Жиын қорытындысында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Равиль Төлебаев жіберілген кемшіліктер бойынша ұсыныстар жолдау қажеттігін қадап айтты.

-Ол қаржылық тәртіпті нығайту болып табылады. Ал, белгілі бір ұстаным болмаса, кемшіліктер қайталана береді. Сондықтан әр тексерістен қорытынды шығарып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын, деді Р.Төлебаев.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521