Атырауда "AMANAT" партиясы шалғай ауылдардағы көшпелі қабылдауды бастады

(0 Votes)

 "Атырауда "AMANAT" партиясының облыстық филиалы шалғай елдімекендердегі көшпелі қабылдауды Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылынан бастады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Қабылдауға ауыл тұрғындары белсенді қатысты.  Ауылдан 3-7 шақырым жырақ отырған малшылар қыстақтарға газ бен таза ауыз су жеткізуді сұрады. Тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында балаларға ойын алаңын тұрғызу, ауылдық округ орталығынан қатынап жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдерін тұрғын үймен қамту, дәрігерлік пункттің жай-күйі, жедел жәрдем көлігі жайы болды.

Барлық көтерліген сұрақтар бойынша депутаттар мен құзырлы бөлім басшылары  жауап берді. Кей мәселелер бойынша тиісті органдар арқылы қажетті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.  Шалғай ауылдарға мобильді топпен барып, қабылдау жүргізу жалғасатын болады.

Еске сала кетелік, мобильді топтың құрамында облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, облыстық филиалдың атқарушы хатшысының міндетін атқарушы, Исатай аудандық әкімдіктің бөлім басшылары болды.

Бұған дейін хабарланғанындай, "АMANAT" партиясының  жақында өткен 22 съезінде партия мүшелеріне орталықтан шалғай орналасқан елді мекендерге шығып, халықпен тығыз байланыс орнату тапсырылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика