Атырауда алаяқтар инстаграм арқылы айфон сатуда

(0 Votes)

Instagram арқылы IPhone сатамыз деп сан соқтырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ағымдағы жылғы 18-20 сәуір аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жедел профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған қалалық полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы күрес кызметкерлері бірлесіп қылмыстық топты анықтап, ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone ұялы телефонын саудалап, алаяқтық әрекетімен айналысқан. Нарықтағы бағадан арзан смартфон аламын деген тұрғындар ақшасынан оңай айырылып қалып келген.

Ал, алаяқтар ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған. Жәбірленушілер арасында Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Ұлытау, Өскемен, Шымкент, Орал, Павлодар облысының тұрғындары бар. Ұсталған 2005 ж.т. және 1967 ж.т. күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Тексеру кезінде 2 дана Iphone 14 және Iphone 12, Iphone 6c, Samsung, ноутбук, 12 дана сим-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді.

Қазір 2005, 1965 жылы туған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-баптың 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT