Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді.
«Өздеріңіз білесіздер, кеше Атырау облысында COVID-19 инфекциясынан алғашқы екі өлім тіркелген болатын. Сондай-ақ, науқастардың да саны күннен-күнге артуда. Соңғы екі аптаның ішінде ауру жұқтырудың 27 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Егер осылай жалғаса берсе өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан карантиндік шараларды қатаңдату жағын қарастырып жатырмыз» , — depti Амантай Жұмағалиев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавируспен ауырған 1175 адам тіркелген.
Оның 606-сы емделіп шықты, 2 науқас қайтыс болды.