Атырауда қаңтар оқиғасы бойынша 28 қылмыстық іс тергеліп жатыр

(0 Votes)

"Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары 28 қылмыстық іс тергеп-тексеруде. Оның ішінде,  2 іс терроризм актілері бойынша,

10 іс жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша, 1 іс билікті басып алуға шақыру бойынша, 2 іс полицияға қарсы күш қолдану бойынша; 1 іс қаруды ұрлау бойынша тергелуде.

Жаппай тәртіпсіздіктер жазылған бейнежазбалардың барлығы зерделенді.

Зардап шеккендер мен куәлардан жауаптар алынды.

Қазіргі таңда 25 адамға қатысты сот санкциясымен бұлтартпау шарасы ретінде қамақ қолданылды.

Біреуі үйқамақта" деп атап өтті спикер Абзал Гилим.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика