Атырауда 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шара өтті

(0 Votes)

М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Отан қорғау - намыстың ісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. Бүгінгі күні Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін, шекарасының тыныштығын қорғап жүрген айбын азаматтарымыздың кәсіби мерекесі құтты болсын! Еліміздің сыртқы саясаты әлем елдерімен бейбіт қатынаста. Қазақ тарихында батырлар сөзсіз көп. Дегенмен, бейбіт күннің батырларының қатары арта берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбіт күндеріміз мол болсын!-деді М.Мурзиев.

Салтанатты шарада қызметінде лауазымдық міндеттерін адал әрі нәтижелі атқарып, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, лайықты әскери тәртіп үлгісін көрсетіп жүрген 16 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған әскери техникалар қойылған көрме жұмысымен танысты.

Көрмеде «РОТАН-660» суда жүзетін барлау қайығы, «ЗУ-23» әуе шабуылына қарсы зениттік қондырғы, «Арлан» брондалған дөңгелекті көлігі, мобильді орындаудағы автоматтандыру құралдарының далалық кешені қойылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521