Атырау каналынан 340 мыңнан астам шабақ құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, 5546 әскери бөлім сарбаздары және балық шаруашылығы субъектілеріқызметкерлерімен бірлесіп, Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын «Маломокрый» арнасынан 154 мың 600 дана балыық шабақтарын құтқарды.
Cондай-ақ «Соколок» арнасынан 186 мың дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.