Атырауда 26 әйел мен 52 бала отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған

(0 Votes)

Атырауда жыл басынан бері 26 әйел мен 52 бала отбасында зорлыққа ұшыраған. Олар дағдарыс орталығына орналастырылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, 102 номеріне түсетін шақыртудың дені отбасылық жанжалмен байланысты болып отыр.

«Полиция қызметкерлері 102 номеріне түсетін күнделікті шақыртуларға мониторинг жүргізеді. Мәселен, Атырау қаласында бір күнде осындай сипаттағы 30-ға жуық қоңырау түседі. Шағым айтушылардың 20-ға жуығы түнгі мезгілде, ал, 10-нан астам күндіз қоңырау шалады. Қоңырау шалушылардың дені үй иесін тыныштандыруды сұрайды. Алайда, полициядан көмек сұраған әйелдердің 80 пайызы отағасыға кешірім береді. Сөйтіп, өздері мен балаларының құқығын қорғауды естен шығарады. Осындай кешірімшілдіктің кесірінен отбасындағы жанжал тағы қайталанады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Биылғы жыл басынан бері 1 852 адамға қорғау нұсқамасы шығарылған. Отбасының тынышын алған 125 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған.

«Отбасылық зорлық-зомбылықтың басты себебі – ішімдікті шамадан тыс пайдалану мен қызғаныш. Жыл басынан бері осындай жанжалдан 26 әйел мен 52 бала зорлыққа ұшыраған. Олар дағдарыс орталығына орналастырылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика