Атырауда 200 отбасыға азық-түлік таратылды

(0 Votes)

«Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік таратты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайырымдылыққа облыстағы ең ірі мұнай компаниясы - «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 200 көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық - түлік таратылды. Келер аптада Құлсары қаласындағы 200 отбасының әрқайсысына 15 мың теңгелік азық-түлік серификат беріледі. Материалдық көмек алғандардың бірі, көпбалалы Гүлмира Балканова қоғамдық қорға ерекше алғысын білдірді. Айтуынша, балаларына жыл сайын киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеді.

8556d493-870b-4451-a7d1-e54748e4596c

- Жыл басынан бері облыстағы 4 мыңға жуық адамға материалдық көмек көрсетілді. Енді желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қайырымдылық шараларын жасауды жоспарлап отырмыз, - деді «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қорының жетекшісі Майя Шатенова.

Айта кетейік, «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры 2021 жылдан бері жұмыс атқаруда.

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика