Атырауда 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер қайта жүреді ⠀

(0 Votes)

Өңірде 17 тамыздан бастап қалаішілік 13 әлеуметтік маңызы бар маршрут жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. ⠀

Желіде қозғалыс жиілігі - 10-15 минуттан барлығы 85 автобус жүреді. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынайтын болады. ⠀

- Дүйсенбіден бастап тек қалаішілік маршруттар жүреді. Олардың жұмысына бірқатар жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Нақтырақ айтқанда, жолаушылар саны тек салондағы орындықтар санына сәйкес болуы тиіс, бетперде, санитарлық және дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төлеу арқылы жүзеге асады. Кондукторлар жолаушылар саны мен отыру ережелерін бақылауы тиіс. Салон жолаушыларға толған жағдайда, автобус аялдамаларға тек жолаушылар өз аялдамаларынан түсу жағдайында ғана тоқтайды, артық адам алмайды.
⠀ Егер, санитарлық режим толықтай сақталса 24 тамыздан бастап қала маңындағы маршруттар да өз жұмыстарын бастайды. ⠀

Қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағулары және антисептикалық құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс, - делінген қала әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарламасында. ⠀

Айта кетейік, карантин енгізілгенге дейін жолаушылар тасымалымен 8 автобус паркі айналысты. Жалпы қалалық паркте бекітілген 26 маршрут бойынша 160 бірлік автобус бар.

 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21