АТЫРАУ ЖОЛДАРЫНАН АҚАУ АНЫҚТАЛДЫ

(0 Votes)

Жыл басынан бері Атырау облысындағы 74 жолдан 302 ақау анықталды. Бұл туралы  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК  Атырау облыстық филиалының сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Нұрлан Жантурин айтты.  

Құзырлы орган өкілінің мәліметінше, филиал инженерлері жыл басынан бері Атырау облысындағы 74 жолға 848 рет тексеріске шыққан. Анықталған 300- ден астам кемшіліктің 65-і өрескел. Ал, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан 1470 сынама алынып, филиал зертханасында тексерілген. 218 сынаманың ҚР Стандарттарына сай еместігі анықталған. Өрескел ақаудың бірі қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан «Ақтөбе-Атырау -РФ шекарасы /Астрахань бағыты/» республикалық жолында анықталған.

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы /Астрахань бағыты/» автомобиль жолының 616-893 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Филиал инженерлері бұл жолға 185 рет тексеріске шығып, 61 ақау анықтады. Оның 17-і әлі жойылған жоқ. Мәселен, ұзындығы 2 шақырым жол негізінің жоғары қабатына жоба бойынша 5-40 фракциялы қарақиыршықтас төселуі тиіс. Алайда, бұл жерге 0-40 фракциялы қарақиыршықтас төселген. Сонымен қатар, керн алу кезінде жол жабындысының төменгі қабатына төселген асфальтбетонның  қалыңдығы сәйкес келмейтіндігі,  асфальтбетонның төселуі кезінде жіктерінің тегістігі сақталмағандығы анықталды, - дейді Н.Жантурин.

Ал, жыр болған «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы /Астрахань бағыты/» жолының құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан 523 сынама алынып, сараптау нәтижесінде 74 сынаманың  нормативтік құжатқа сай еместігі белгілі болған. Мәселен, қарақиыршықтастың және қиыршықтастың түйіршік құрамы, керн кескіндерінің тығыздығы, суға қанығу коэффициенті нормаға сай емес екен.  

Анықталған ақаулардың жойылуы филиал мамандарының басты назарында болады.

Ләззат Еділханқызы – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521