«Атырау жастары» бағдарламасы бойынша 30-дан астам адамның төлем қабілеттілігі расталды

(0 Votes)

Облыста алғаш рет 1-20 ақпан аралығында «Атырау жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты - өңір жастарына жылжымайтын мүлік сатып алуға жәрдемдесу. 

Ал бүгінде құжаттары мақұлданған жастардың ішінен 30-дан астам адамның ғана төлем қабілеті расталған. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілі Нұрболат Батыр мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Атырау жастары» жобасына 35 жасқа дейінгі 860-тан астам тұрғын өтініш білдіріп, олардың 830-ның құжаты мақұлданған.

Ал өтініш беріп, құжат тапсырғандардың арасынан Атырау қаласы бойынша 55 жас, аудандар бойынша 45 жас баспанаға ие болады деп жоспарланған. -Осы жылдың 1-20 ақпан аралығында Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі құжаттарды қабылдап, ұпай сандарын есептеп, ұпайы көп азаматтарды банкке жолдады. Біз жастардың төлем қабілеттілігін анықтап, нәсиелендіру арқылы жастардың өздеріне ұнаған пәтерді 5% несие арқылы 19 жылға рәсімдейміз.

Ал бүгінде 30-дан астам жастың төлем қабілеттілігі анықталып, 4 адам баспаналы болды. Қалғаны қазір пәтер іздеу үстінде. Талаптарға сай келетін пәтерді таңдағаннан кейін несиелендіру жұмысы жүреді, - деді Н.Батыр. «Атырау жастары» бағдарламасымен биыл 100 адам тұрғын үймен қамтылады деп жоспарланған.

Ол үшін облыс әкімдігі 1 млрд теңге, ал «Отбасы банкі» 600 млн теңге қаржы бөліп отыр. Құжаттары мақұлданған жастардың табысы 235 мың теңгеден аспайтын және облыс аумағында бір жыл тұрақты тіркеуде болуы керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген тұлғаның атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика