Атырау Жастар театрында «117-пәтер» драмедиясының премьерасы өтті!

(0 Votes)

117-пәтердің табалдырығын әр жыл сайын түрлі адамдар басып өтті: бірі келіп, бірі көшіп жатты. Уақытпен бірге өзгерген — тек тұрғындар ғана. Ал пәтердің көзге көрінбейтін жалғыз тұрақты иесі, үйдің рухы — Домовой — бұл үйді ешқашан тастап кетпеді.

 Оның мұнда байланған сыры неде? Комедия мен драманың аралас бояуымен өрілген бұл қойылым көрерменді бір сәт күлдіріп, бір сәт ойға салып отырады.

Бүгінгі отбасылық қатынастар, адам жанының ізденісі мен жалғыздық сезімі — барлығы да 117-пәтердің қабырғасында бейнеленеді. Өмірдің өзінен алынған эмоциялар мен өзекті мәселелер көрерменді бейжай қалдырмайды.

Әрбір сәт, әрбір тағдыр көрерменді еріксіз баурап, жанарын жасқа толтырды. Қуандық, жылап, таңырқап та үлгердік. Ең бастысы жанымыздағы жақын жанға деген сүйіспеншілігіміз артты!

Бізбен бір толқында болған әр көрерменге мың алғыс!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT