Синоптиктер 11 шілде күні Атырау облысында аптап ыстықтың беті қайтатыны туралы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 9-14, түнде шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 31-36 градус, облыстың шығысында 39 градус ыстық болады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА