Атырау университетінде «Мемлекеттік қызмет мектебінің» арнайы кабинеті ашылды

(0 Votes)

Департаменттің бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы университет базасында «Мемлекеттік қызмет мектебінің» арнайы кабинеті ашылды.

Кабинет – студенттер үшін мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне қатысты қажетті оқулықтармен, интерактивті тақтамен, стендтермен, заңдардың QR кодпен жасақталған сілтемесімен және ақпараттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов аталған кабинетте университет студенттері мемлекеттік қызмет саласы, Әдеп кодексі талаптарымен таныса отырып, заңнамаларды білуге арналған тестілеуге дайындалуға мүмкіндік алатындығын атап өтті.

Университет ректоры Саламат Идрисов- Университет базасында алатын теориялық білімін тәжірибеде шыңдай отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жастарды даярлау басты міндет екендігін тілге тиек етті.

Аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, Ерлан Мейрамханұлы​ кабинеттің кітапханасына «Дала даналары» кітабын тарту етті.

Өз кезегінде, кабинетте студенттерге арнайы дәрістер және тиісті лауазымды тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады.

Атап өту қажет, ағымдағы жылы «Мемлекеттік қызмет мектебіне» ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​   қабылданған 24 студент Департаментте, облыстық, қалалық әкімдіктерде және өзге де мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT