Атырау университетінде «Атырау-Ақпарат» медиаорталығы ашылды

(0 Votes)

Бүгін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде "Атырау-Ақпарат" медиаорталығының ашылу салтанаты өтті.

Медиаорталық лентасын университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіров пен «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Ысқақ Егембердиев қиды.

Медиаорталық келешекте студенттердің теория мен практиканы ұштастыра отырып, университет қабырғасында жүріп-ақ редакциялар мен баспахананың қайнаған тіршілігімен емін-еркін араласуына, кәсіби журналистерден тәлім алып, тәжірибе жинақтауын мақсат тұтады. Онда Атырау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, елімізге және өңірімізге танымал журналистер, медиа мамандары дәріс оқиды.

2022_01_28_760eec0e-3178-4368-95f4-6ce0a4fe7c48

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев мұндай жобаның өңірдегі ақпарат саласы үшін маңызы зор екенін айтады. «Біздің мақсат екі жақтағы ынтымақтастықты ныңайту емес, шын мәніндегі мамандарды оқыту, болашақ журналистердің теориялық білімін тәжірибелік біліктілікпен ұштастыру. Журналистика салаласынан білікті мамандар шықса, бұл біз үшін үлкен мақтаныш» ,-дейді.

Журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Тынышқалиқызы медиаорталықтың мақсат міндетіне, кадр дайындаудағы рөліне тоқталып өтті.

Мазмұнды шара соңында Ысқақ Егембердиев қатысушы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика