Атырау тұрғындары 25 қазанда қоғамдық көлікте тегін жүреді

(0 Votes)

ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары 25 қазанда қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Smart Atyrau коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, 25 қазан күні қоғамдық көліктер мұнайлы шаһар тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды.

«Биыл елімізде 25 қазан – Республика күні қайтадан атып өтіледі. Осыған орай атыраулықтар мен қонақтар қала ішінде және оған таяу орналасқан елді мекендерге қатынайтын барлық қоғамдық көлікте тегін жүреді. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады», -деп мәлім етті Арслан Аронов.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір қоғамдық көліктер 31 маршрутпен жолаушы тасымалдайды.

«Мұнайлы шаһар мен іргелес елді мекендерге жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Бұл кәсіпорындардың балансында 240 автобус тіркелген. Күн сайын кестеге сәйкес 240 автобус қала аумағында және оған іргелес қоныстанған елді мекендерге жолаушы тасымалдауға шығады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырауда жолаушы тасымалдау шығынын субсидиялау ұсынылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика