banner_damu

Атырау «сары» аймақта: карантин жеңілдетіле ме?

(0 Votes)

"Атыраулық эпидемиологтар карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы мәселеге түсінік берді" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында карантиндік шараларды жеңілдету бойынша бірқатар шешімдер мақұлдағанына қарамастан, Атырау облысының санэпидемиологтары босаңсу туралы айтуға әлі ерте деп отыр. Коронавирус инфекциясының таралуын бағалау матрицасына сәйкес, 21 қыркүйекте Атырау облысы "сары" аймаққа орналасты. Алайда, карантиндік шараларды жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл"аймаққа көшкеннен кейін жеті күннен ерте енгізілмейді.

"Атырау облысы бүгін "сары" аймаққа енді. Бұл халық арасында вакцина алу шараларының белсенді жүргізілуінің нәтижесі. Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Егер әрбір азамат ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосып, вакцинаны уақытында алса, жағдай тұрақтанады және "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшетін күн де алыс емес. Бүгін, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, егер аймақ жеті күн бойы "сары" аймақта болса, онда облыстың санитарлық дәрігері "сары" аймақ үшін жаңа қаулыға қол қояды. Бүгін ВАК отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берді, бірақ біздің аймаққа біраз күтуге тура келеді. Қазіргі басты міндет - инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың тұрақтылығын жақсарту және Covid-19 - ға қарсы вакцинацияны жалғастыру", - деді Атырау облысы Бас санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлназ Ирбатырова.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика