Атырау «сары аймақта»: 49 адам коронавирус жұқтырды

(0 Votes)

«Коронавиурс инфекциясын жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта», деп хабарлайды Atr.kz

Өткен тәулікте Атырау облысынан 49 адамнан инфекция расталып отыр. Оның ішінде, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 15 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 30 адамнан, Құрманғазы және Қызылқоға ауданында 1 адамнан,  Махамбет ауданында 2 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 11 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 15 адам емделіп шықты.

«Қазіргі уақытта 184 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 84 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 15 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 307 адам ем қабылдауда» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521