"Атырау – Құрманғазы" бағытында жергілікті пойыз қатынай ма? 

(6 Votes)

«Қазіргі таңда Атырау облысы әкімдігі «Қазақстан темір жолы» компаниясы  мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне №625/626 «Атырау-Астрахан» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызының күнделікті жүруін ұйымдастыруға ықпал ету жөнінде сұраныс хат жолдаған» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық  жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасынан білгеніміздей, қазіргі таңда «Атырау – Құрманғазы» бағытына пойыз  қатынасын ұйымдастыру бойынша нақты шешімін тапқан мәселелер бар.

Мәселен, «Атырау – Аққыстау – Құрманғазы – Д.Нұрпейсова» бағытына қатынайтын №625/626 «Атырау -Астрахан» жолаушылар пойызына 2016 жылдан бері арнайы тіркемелі бір вагон бөлініп, жолаушылар қатынасын жүзеге асырып келеді.

«Жаз мезгілдерінде жолаушылар ағыны көбейген жағдайда, қосымша вагондар тіркеліп жүр. Бұған қоса, бүгінгі күні аталған бағытта №329/330 «Душанбе – Москва», №333/334 «Ташкент –Үргеніш – Саратов», №359/360 «Худжанд – Москва» пойыздары қатынайды. Бұл жағдай «Атырау – Құрманғазы» бағытындағы жолаушылар қатынасын жақсартуға мейлінше оң ықпал етуде» Атырау облыстық  жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521