Атырау полицейлері автожолдар және теміржол өткелдерін қадағалауда

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында полиция қызметкерлерімен жыл басынан аудан бойынша 117 зерттеу актілері жасақталып, жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді жоюға нұсқамалар берілді.

Облыстық маңыздағы Құрманғазы - Котяев тас жолының күтіміне жауапты «Құрманғазы жолдары» ЖШС-мен 20 шақырым жол жолағы сызылып, алты жаяу жүргіншілер өткелі (ала) сызылды. Жол бойында 5-көпір жақтаулары жуылып, сырланды. 20 шақырым жол жиегі тегістеліп, шөптері шабылды. 9 аялдама тазаланып, әктеліп-сырланды.

Аудандық маңыздағы Ақкөл ауылына кірме жол, Дәулеткерей-Алға тас жолдарында «ГанюшкинҚұрылыс» ЖШС-мен 16.5 шақырым жол жолағы салынып, 4 жаяу жүргіншілер өткелі сызылды, «жол жиегін белгілеу» жолағын салуға нұсқама берілді.

1717

4 аялдама тазаланып, әктеліп-сырланды. Құрманғазы ауылдық округінің көше-жолдарының күтіміне жауапты жауапкершілігі шектеулі серіктестік 5 шақырым жол жолағын, 20 жаяу жүргіншілер жолағын, екі қауіпсіздік аралын сызды. Сонымен қатар, жеті жасанды бұдыр жаңадан қойылып, 16 жол белгісі ауыстырылды, 250 жол белгісі жуылып, бағандары сырланды.

Аудан орталығында да көпір жақтаулары жуылып, сырланып, төрт аялдама тазаланып, қалыпқа келтірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT