ЖАҢА ҚАУЛЫ: Атырау облысында кәсіпкерлік объектілерінде “ Ashyq” мобильдік қосымшасын енгізу туралы (Толық мәтін)

(0 Votes)

Атырау облысында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа Қаулы шығарды, – деп хабарлайды atr.kz

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің  9, 36, 102, 104-баптарына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы №10, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  2021 жылдың 26 сәуірінен бастап Атырау облысында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру басталсын:

1)  йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

9) бильярд клубтары;

10) концерт залдары; 

11) ерікті қатысушылар.                

2. Атырау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және қамтамасыз етсін:                

1) осы қаулының 1 тармағына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;                

2) осы қаулының 1 тармағына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;                

3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы ақпараттандыруды;                

4) әкімдіктердің сайтында ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;                

5) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;                

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді.                

3. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қамтамасыз етсін:                

1) қызметтің тыйым салынған түрлеріне және рұқсат беру құжаттары (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) жоқ объектілердің қатысуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД 13.04.2021 жылғы №14) 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлік палаталарында қарау сатысында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін келісуді;                

2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды.                

4. Меншік түріне қарамастан барлық зертханаларға:

1) COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижесі бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізу және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) беру;

5. «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) қамтамасыз етсін:

1) ҚР БМСД 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарауды және қатысушылардың тізімін әкімдіктерге жіберуді;

2)  жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді.                

6. «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдануды:                

1) Карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді, карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу).                

7. «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

1) ҚР БМСД 13.04.2021 жылғы №14 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;

2) кәсіпкерлік объектілеріне келушілерді кіргізу, олар үй-жайға кірерде көрсету үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады;

3) Келушіде смартфон болмаған жағдайда, кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді;

4) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес «сары» (COVID-19-бен байланыс), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижемен) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің кәсіпкерлік объектілеріне кіруіне жол берілмейді;

5) «сары», «қызыл» мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.  электрондық поштасы бойынша дереу хабардар ету;

6) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің талаптарын сақтау.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Қ.М.Уразгалиевке жүктеймін.

9. Осы қаулы 2021 жылғы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері М.Танауов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT