Атырау облысының әкімі блокпост жұмысымен жекелей танысып шықты

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов блокпосттардың жұмысын қарап шықты. 30 наурыздан бастап Атырау қаласында карантин жарияланып, облыс аумағында жүріп-тұруға шектеу шаралары енгізілген болатын. Қалаға апаратын жолдардың төрт кіреберісіне арнайы блокпост қойылған еді. 2 сәуірден бастап тосқауыл бекеттерінен тек рұқсаты бар автокөліктер ғана өтуде.

Аймақ басшысы блокпосттардың жұмысымен танысып, мамандармен және транзиттік жүк көліктері жүргізушілерімен тілдесті. Мамандардың айтуынша, ешқандай проблема жоқ, блокпосттар тиісті режимде жұмыс істеп тұр. Ал тұрғындарымыз үшін ең маңызды — азық-түлік, дәрі-дәрмек сынды тауарлар бөгетсіз өткізілуде.

blokpost1

blokpost2

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика