Атырау облысының бас полицейі есептік кездесу өткізді

(1 Vote)

4 наурыз күні Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев "Caspian news” телеарнасының тікелей эфирінде есептік кездесу өткізді.

Тікелей эфир барысында Департамент бастығы Қ.Үмбетқалиев азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағыттарында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған басты міндеттерін баяндады. Полиция департаментімен 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысымызда қылмыс саны айтарлықтай азайды. Жалпы тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар - 37,1%-ға, қылмыстар - 37,2%-ға төмендеді.

polijiya2


Департамент бастығының есебінде өңірдегі есірткі қылмысымен күресте, мал ұрлығының алдын алу және Армения елінен әкелінген көліктердің тіркелуі туралы да ақпараттар айтылды.

Қ.Үмбетқалиев ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 2021 жыл – Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы деп жариялауына байланысты, алдағы уақытта тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

politsiya1


Сондай-ақ, тікелей эфир телефоны мен "What’s App” желісі арқылы келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521