Атырау облысында жыл басынан бері 41 көлік өртеніп кетті

(0 Votes)

Бүгінгі таңда адам қозғалысының ажырамас бір бөлігі, ол әрине көлік. Ол өте күрделі механизм, оны пайдалана білу керек және үнемі күтімді қажет етеді. Автокөліктің әртүрлі бөлшектерін үнемі тексерістен өткізіп отырудан бөлек, көліктің өрт қауіпсіздігін де әрдайым бақылауда ұстау қажет.

Ағымдағы жылдың 7 айында Атырау облысы бойынша автокөлікте 41 (2021ж-46) өрт оқиғасы тіркелген, оның ішінде жүк автокөлігі – 17   оқиға (2021ж-13), жеңіл автокөлікте – 23 өрт оқиғасы тіркелді (2021ж-29). Былтырғы жылмен салыстырғанда 10% азайған.

Көп жағдайда автокөліктегі өртт оқиғалары автокөлік иелерінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алуда.

Өрттің көп кездесетін себептері:

  • Электр жабдықтарының бұзылуы - 28 оқиға (2021ж-35), 20% азайған,
  • жанар-жағармай жүйесінің ақауы - 6 оқиға (2021ж-6),
  • салонда шылым шегу – 7 оқиға (2021ж-5) 28%-көбейген,

Құрметті автокөлік иелері! Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

-Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;

-әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;

-Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;

-Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

 Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:

-cол уақытта дереу көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өт көзіне жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.

-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.

-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ сеуіп тастау керек.

-Егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

Атырау облысы ТЖД МӨББ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Қабақов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521