Атырау облысында жас жұбайлар некесін қиған соң сайлау учаскесінде дауыс берді

(0 Votes)

Атырау облысында некесін қидырған жас жұбайлар дауыс берді. Олар бүгін отбасын құрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас жұбайлар Бейбарыс Төлегенов пен Ару Нысанбекқызы Исатай ауданындағы Аққыстау ауылында тұрады. Олар бүгін, 20 қарашада жүрек қалауымен отбасын құрып, некесін қидырған. Жас жұбайлар некесін қидырған соң №133 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. «Бүгін – біз үшін ешқашан ұмытылмайтын күн.

Өйткені, бүгін отбасын құрып, некемізді қидыруды алдын ала ойластырған едік. Бірақ, президент сайлауы өтетін күн екенін білген жоқпыз. Енді біз үшін бұл күннің маңызы екі еселеніп отыр. Біріншіден, бүгін некемізді қидырдық, екіншіден, бүгін ел болашағы үшін маңызды таңдау жасап, дауыс бердік», -дейді Бейбарыс Төлегенов.

Оның айтуынша, үйлену тойы бүгін кешке өтеді. Атырау облысында 409 949 сайлаушы 261 сайлау учаскесінде дауыс берді. Кешкі сағат 20:00-дегі мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 70,87 пайызы таңдау жасап үлгерген.

 https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика