Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлім етті.
2024 жылдың 7 сәуірі сағат 8:00 шамасындағы гидрологиялық мониторинг мәліметі бойынша жоғарғы Жайықтың (Ресей) су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.
Батыс Қазақстан облысындағы Январцево су бекетінде су деңгейі тәулігіне 28, Жайықта 9, Көшімде 26, Тайпақта 51 сантиметрге көтеріліп отырғаны байқалады. «Жайыққа келсек, өткен тәуліктерде Индербор кентіндегі гидробекетте су деңгейі 55, ал, Батыс Қазақстан облысынан қосылатын судың есебінен су тасығаннан бері жалпы су көтерілу деңгейі 139 сантиметрге жетіп отыр.
Махамбет ауылында су 42, Атырау қаласында 8 сантиметрге көтерілді. 7 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілетін су көлемі 1670 текше метрді құрайды» делінген хабарламада.