Атырау облысында тағы қамыс жануда

(0 Votes)

Ағымдағы жылғы 5 мамырда Атырау қаласында түтін және күйік иістің пайда болуына байланысты Атырау облысының ТЖД бастығы орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Бляловтың басшылығымен сағат 12:30-да жұмыстары жүргізілді.

Өрт ошақтарын анықтау үшін" Eurocopter " ЕС-145 әуе кемесінде аэровизуалды ұшу жүргізілді.

Әуе барлауы барысында Каспий теңізінің жағалау аумағы бойынша "Айсан" каналының сағасында шамамен 15-17 га болатын құрақ өсімдіктері (қамыс) жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам үшін кіреберіс жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін емес.

Аталған жану облыс орталығына қауіп төндірмейді.

Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Автор фото: Рахим Койлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521