Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

(0 Votes)

2020 жылғы 5 қаңтар 22 сағат 00 минуттан 19 қаңтар 00 сағат 00 минутқа дейін қоғамдықтәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы территориясында бірқатар шектулер енгізілді 23 сағат 00 минуттан 6 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілді.

Төтенше жағдай барысында:

- Қоғамдық тәртіпті қорғау, ерекше маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды қорғау, тұрғындардың өмір тіршілігін қамтамасыз ететін және транспорттардың қызметін қамтамасыз ететін нысандарды қорғау күшейтіледі;

- Атырау облысы территориясында транспорттық қозғалысқа шектеу енгізіледі;

- Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттары, жеке заттары, транспорттық көліктері тексеріледі;

- Атырау облысына кіру-шығу шектеледі; - Бейбіт шерулерді, көпшілік шараларды, спорттық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады;

- Ереуілге шығуға тыйым салынады және басқа да жолдармен заңды тұлғалардың қызметін жүргізуіне кедергі жасауға тыйым салынады;

- Қару-жарақ, жарылғыш заттар, арнайы заттар, улы заттар саудасына тыйым салынады, дәрі-дәрмек, есірткі заттары, психотропты заттар, этил спирті, алкогольдік заттар саудасы айналымына ерекше режим енгізіледі;

- Жеке тұлғалардың иелігіндегі қару-жарақтар, улы заттар уақытша тәркіленеді, заңды тұлғалар иелігіндегі қару – жарақ, улы заттар, әскери және әскери оқу-жаттығу техникалары, жарылғыш және радиоактивті заттар уақытша тәркіленеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521