Атырау облысында «Крещение Господне» діни мерекесі 7 жерде өткізіледі

(0 Votes)
Атырау облысында «Крещение Господне» діни мерекесі 7 жерде өткізіледі

18-19 қаңтарға қараған түні православие әлемі «Крещение Господне» діни меркесін атап өтеді. Бұл мерекеде дәстүр бойынша тұрғындар ойықта шомылады.

Жыл сайын Атырау облысында мұзды ойыққа түсуге ниет білдірушілер саны артып келеді, өйткені тазартылған су емдік қасиеттерге ие болады деп саналады.

Атырау облысының аумағында келесі мекен-жайлар бойынша арнайы белгіленген 7 суға түсу орны анықталды:

  • Атырау қ.: "Орал" мейрамханасының тұсы, Жайық өзені;
  • Атырау қ.: Тұрғындар қалашығы жағажайы, Жайық өзені;
  • Атырау қ.: Ғазиз Жұбанов көпірі (Мечников көпірі), Жайық өзені,
  • Жылыой ауданы: Құлсары қаласы, Береке ш/а, Қамыскөл көлі;
  • Махамбет ауданы: Махамбет ауылы, (ескі саябақ маңы) Жайық өзені;
  • Құрманғазы ауданы: Құрманғазы ауылы, Шарон өзені;
  • Индер ауданы: Индербор кенті (ескі құтқару станциясының маңы) Жайық өзені.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 85 құтқарушысы діни мереке кезінде жабдықталған орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Құрметті тұрғындар! Жайық өзенінде мұздың қалыңдығы бүгінгі күні 13-15 сантиметрді құрайды. Қасиетті суға шомылғысы келетін тұрғындар мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң ұстауы қажет!

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылардың бақылауымен арнайы жабдықталған ойықтарда ғана суға түсуге шақырады!

  • Алкогольдік ішімдік ішіп немесе және суық тию, тұмау немесе басқа аурулар кезінде ойыққа түспеңіз.
  • Егер Сізде жүрек ауруы немесе қанайналым жүйесі ауырса, алдымен дәрігеден кеңес алыңыз.
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Жалпы гипотермияны болдырмау үшін мұзды ойықта бір минуттан артық болмаңыз.
  • Әл-ауқаттың күрт нашарлауы кезінде-медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға дереу хабар беріңіз.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521