Атырау облысында егін егу маусымы басталғалы 104,5 тонна өнім жиналды

(0 Votes)

Облыста ауыл шаруашылығыен айналысатын 4 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелген. Олардың 280-нен астамы егін шаруашылығына бейімделген. Бүгінде жалпы көлемі 104,5 мың тонна өнім жиналды,- деп хабарлайды Өңірлік комуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, 48,6 мың тоннасы көкөністер, 35 мың тоннасы бақша, 5 мың тоннасы картоп және 16 мың тонна мал азығы ретінде алынған. Ал шаруашылық құрылымдар мен жеке секторлардағы жалпы егіс көлемі 9,3 мың гектарды құрады.

Маусымдық өнімдермен Атырау тұрғындарынан бөлек көршілес облыстарды да қамтамасыз етіп отырғандардың бірі – Махамбет ауданындағы «Агрофеликс» шаруа қожалығы. Мұнда 100 гектар жерге егін егілген.

-Қазіргі уақытта өнімді жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Пияз, сәбіз, қырыққабат, картоп жиналуда. Жұмыстарға 40-тан астам адам тартылған. Жоспар бойынша науқанды қараша айында толық аяқтауымыз қажет,- деді шаруа қожалығы агрономының көмекшісі Александр Хан. 

Жиналған өнім егістіктен тікелей тұрақтандыру қорына жіберіледі. Ол жерден сұрыпталған өнім төмен бағамен қала және аудандағы сауда нүктелеріне апарылмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT