Атырау облысында блок бекеттер қойылмайды

Рейтинг: 0 / 5

Атырауда блок бекеттер қойылмайды. Алайда, эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның қатысуымен өткен онлайн-брифингте мәлімдеді.

- Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікті сезінуге шақырамын. Әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтауды және жеке гигиена туралы ұмытпаған жөн. Егер, жағдай одан әрі нашарласа біз карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр болатындығымызды ескертемін. Мұны алдағы екі апта көрсетеді, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырауға жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі Нұрсұлтан Ахмедия да болды.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында аймақтағы эпидемиологиялық ахуал бойынша шұғыл жиналыс өтті.

Атырау облысының әкімдігі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика