Атырау облысында 8 жасар қыз, жүкті әйел мен студент коронавирус жұқтырды

(0 Votes)

Атырау облысында коронавирус инфекциясының тағы 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті.

14 жаңа жағдайдың арасында 8 жасар Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған.

Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар. 4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен.

Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.
Ал, қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.
Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521