Атырау облысында 29 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі беріледі

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссия шешімімен өңірде 29 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы 14 сәуірде өткен комиссия отырысында Жылыой, Исатай аудандары мен қала маңындағы Еркінқала, Қайыршақты округінің көшелеріне атау беру туралы тұрғындардың ұсынысын қарады. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Жеміс ДИЯШЕВАНЫҢ айтуынша, комиссияға 170-ке жуық ұсыныс түскен.

Олардың арасында Алаш қайраткерлері, батырлардың есімін беру ұсыныстары да бар. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің есімін көшелерге беру туралы ұсыныс қаралған кезде, тек соғысқа қатысқандары үшін емес, олардың көрсеткен ерліктері, «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталғаны ескерілді.

Мереке қарсаңында комиссия зерделей келе, 29 ардагердің есімін мақұлдап, шешім шығарды, - деді ЖемісДияшева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика