banner_damu

Атырау облысында 2025 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй пай­далануға беріледі

(0 Votes)

Өңірде 2021-2025 жылдар ара­лығында 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарладық, бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Айқын" газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 51 мыңнан асты. Ауыл бизнесін дамыту мақса­тында «Бизнес аймақ» өңірлік бағ­дар­ламасы арқылы қаржылық қолдау алды.

Биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз бе­рілетін гранттарға бюджеттен 170 млн теңге бөлінді.

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының «Индер-Қарабау» аралы­ғында жол құрылысы жалғасуда, бү­гінде 30 шақырым асфальт жабын­дысы төселді.

Құрманғазы ауданында облыс­тық маңыздағы «7-разьезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» жолы жөнделіп жатыр. Ганюшкин ауы­лындағы жаяу жүргіншілер көпірінің жұмыстары басталды.

Мақат ауданы Ескене елді ме­кеніне дейін кірме жолды қайта жа­ңарту жұмысына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. 

Елді мекендерді ауыз сумен қам­ту жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы Құрманғазы ауданының Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына 102,9 шақырым су құбыры жүргізілді. 

Облыста 2025 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пай­далануға беру жоспарлануда. 2021 жылдың 9 айына 646,3 мың шаршы метр 4882 пәтерлі тұрғын үй пай­да­лануға берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6%-ға көп" делінген мақалада.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика