Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

(0 Votes)

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі және Полиция департаменттерінің, сондай-ақ «Еңбек-Батыс» филиалының басшыларын шақырумен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті.

Іс-шарада түзеу мекемелеріндегі заңдылықтың жай-күйі мәселелері талқыланды.

«Режимді сақтау және бас бостандығынан айыру орындарында азаптауға жол бермеу, осындай орындардан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді тиімді шараларын қалыптастыру – пенитенциарлық жүйенің бірінші кезектегі міндеті», – деді қадағалау ведомствосының басшысы.

Прокурор атап өткендей, «сотталғанды қайта әлеуметтендіру, атап айтқанда оны мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға дайын құрметті азамат ретінде қайта тәрбиелеу – босатуға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жерде түзеу мекемелері басты рөлді атқарады».

Қорытындылай келе төрағалық етуші жергілікті атқарушы органдардың, қылмыстық-атқару жүйесі, полиция органдарының жоғарыда аталған негізгі аспектілерді іске асырудағы және бас бостандығынан айыру орындарында да, олардан тыс жерлерде де заңдылықты қамтамасыз ету үшін жазаны өтеудің сапалы жағдайларын жасаудағы және сотталғанды жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521