Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

(0 Votes)

Ел Президенті заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады «Заң бәріне бірдей.

Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан -Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел». Адам мен азаматтың заңды құқықтары мен мүдделері де прокурорлық қадағалау аясынан тыс қалмайды.

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен құқық қорғау органдарының жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жолын кесу мен ашу және олардың алдын алу бағытында қолданылып жатқан шаралар жөніндегі жұмысының жай-күйі мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа жұмысына облыстық әкімдіктің, Полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары, бейнеконференцбайланыс бойынша аудандық деңгейдегі прокурорлар, әкімдер, полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Отырыс барысында қылмыс 21%-ға төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді. Бұл ретте денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері 15%-ға (40-тан 46-ға дейін), адам өлтіруге оқталу 40%-ға (5-тен 7-ге дейін), өзiн-өзi өлтiру 48%-ға (325-тен 348-ге дейін), адам өлтіру 75%-ға (7-ден 12-ге дейін), кәмелетке толмағандарды зорлау 60%-ға (5-тен 8-ге дейін), жас балаларды азғындық жолға түсіру 75%-ға (4-тен 7-ге дейін) өсті. Қадағалау өкілеттіктерімен жеке адамға қарсы қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу кезінде заң бұзушылықтардың 2 фактісі анықталды. 6 прокурорлық ден қою актісі енгізілді, 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Адамға қарсы қылмыстар–өмірдің, денсаулықтың, бостандықтың, ар-намыс пен қадір-қасиеттің қауіпсіздігіне, жыныстық қол сұғылмаушылыққа, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық әрекеттер. Оларды қорғауға еліміздің Конституциясы кепілдік береді», - деді прокурор.

Облыс прокуроры лауазымды тұлғаларға назарын аудара отырып, өз қатарынан бастап профилактикалық жұмысты жандандыруды талап етіп, «үлгілі, мәдениетті және моральдық-имандылықты болу – әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеті» екенін еске салды. Алқа отырысының нәтижелері бойынша жеке адамға қарсы қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және одан әрі жасаудың алдын алу шараларын қолдану бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленді.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521