Атырау облысы прокуратурасы алқасының отырысы туралы

(0 Votes)

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру және полиция департаменттерінің басшылығын шақырумен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті. 

Іс-шарада сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасының мәселелері талқыланды. Қадағалау органы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Қылмыстық қудалау органы әрбір әрекетті не әрекетсіздікті саралау кезінде объективтілікті қамтамасыз етуге міндетті. Қорытындылай келе, облыс прокуроры құқық қорғау және арнайы органдарға қылмыстық іс жүргізу нормаларының талаптарын қатаң сақтауды, адамдарды сотқа дейінгі тергеу орбитасына заңсыз тартуға жол бермеуді тапсырды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушы органдарға тиісті нұсқаулар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика