Атырау облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып Нұрхат Оразбаев тағайындалды. Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды. Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады. Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ Академиясының түлегі. Жаңа қызметке дейін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды" делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика