Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен профилактикалық іс-шара өтті

(0 Votes)

Өңір аудиторлары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерімен кездесті. Жиын барысында әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді механизмдері, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету мәселелері талқыланды.  

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жалпыға бірдей декларвциялау бөлімінің бас маманы Баян Сибатова еліміздегі заңнамаларға сәйкес 250.00, 270.00 нысанды декларация түрлері туралы кеңінен әңгімелеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, кірістер мен мүлік туралы декларацияны кімдер тапсырады, активтер мен міндеттемелер туралы құжатта не қамтылады деген сұрақтарға кеңінен жауап берілді. Салық жүйесі органдары мамандарының айтуынша, 270.00 нысанды декларацияны мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары, банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының қатысушылары және жұбайлары, коммерциялық ұйымдар басшылары, шетелде мүлкі бар адамдар, жеке практиктер, өзге ел банкінде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар және тағы басқа тиісті топтағы жандар тапсырады. Жиындаатыраулық аудиторлар осынау мәселелерге қатысты көкейде жүрген сауалдарын жолдап, қосымша мәліметтер алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT