АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ЕНГЕН МАМАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

(0 Votes)

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досұхамбетовтің Өкімімен Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Нұрбол Жаңабеков облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков өңірдің кәсіпкерлік саласын одан ары дамыту бағытында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, сәттілік тіледі.

Нұрбол Мейрамұлы Жаңабеков 1987 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары: «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін мемлекеттік және муниципальдік басқару, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012-2013 жылдары ҚР Аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық істер жөніндегі Комитетінің тұрғын үй құрылыс басқармасында сарапшы болып бастаған.

2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика минстрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінде бас сарапшы, кейін басқарма басшысы қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары ҚР Президент істері басқармасында ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды басқару бөлімінде бас инспектор, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында  1 санатты сарапшы болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары «Кәсіпкерлікті дамытуды зерттеу орталығында» жобалық топ жетекшісі, «Қазақстанның мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ-да вице-президент болды.

Ал 2020-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

2021 жылдың сәуір айынан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-да тарифтер және маркетингтік талдау департаментінің директоры қызметін атқарған.

Айта кетейік, Нұрбол Жаңабеков 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық комиссияның шешімімен Президенттік Жастар кадр резервіне қабылданған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT