Атырау облыстық мәслихаты табиғатты қорғау іс-шараларының 3 жылдық жоспарын қабылдады

(0 Votes)

Эко жобаларға үш жыл ішінде 28,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы баяндаған Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нұрлан Жантоқов іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында қоғамдық тыңдау өткізіліп, хаттамасы эко-порталда орналастырылғанын атап өтті.

-Іс-шаралар  жоспары 7 бағытты қамтиды: атмосфералық ауаны қорғау, су объектілерін қорғау, жерді қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу, басқару жүйелерін және ең озық қауіпсіз технологияларды ендіру, ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер. 2022-2024 жылдар аралығындағы жоспар жобасы 57 іс-шарадан тұрады. Бұл жобалар үшін жергілікті бюджеттен 28,8 млрд теңге қаржы қаралды,-деді Н.Жантоқов.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика