Атырау мен Астрахан облыстарының арасында тауар айналымының көлемі артып келеді

(0 Votes)

Атырау мен Астрахан облыстарының арасындағы тауар айналымы тағы 5 пайызға артты. Соңғы жарты жылдағы импорт пен экспорт көлемі 183 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы сыртқы экономикалық қатынастар бөлімінің басшысы Ерлан Қазбеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының әлемдегі 50-ден астам мемлекетпен алыс-берісі бірыңғайланған. Соның ішінде тауардың басым бөлігі мұнайлы өңірге Ресейдің Астрахань қаласынан әкелінеді.

-Атырау облысынынан көрші мемлекетке мұнай өнімдері, лом мен металл экспортталса, импортпен азық-түлік, оның ішінде консерванттар, май, ұн өнімдері тасымалданады. Құрылыс материалдары да жыл сайын тұрақты түрде Ресей Федерациясынан келеді, деді Е.Қазбеков.

Соңғы уақытта облыста Ресейлік компаниялардың саны артқан. Мәселен жыл басынан бері аймаққа 126 бизнес иесі келген. Ол тізімде кәсібінің жергілікті жердегі филиалын ашқандар мен түбегейлі қоныс аударғандар да бар. Кәсіпкерлер көбіне көлік саласы, IT-технологиялары, көтерме сауда және мұнай саласын дамытуға үлес қосып жатыр. Жауаптылар бұл көрсеткіш жыл соңына дейін әлдеқайда артады деп отыр. Ал жалпы бүгінге дейін өңірде ресейлік 400-ден астам азамат өз бизнесін тіркеген.

Енді жергілікті билік көрші елмен экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Астрахан облысымен бірлесіп денсаулық сақтау, білім және ғылым, өндіріс пен кәсіпкерлік, туризм мен мәдениет салаларын дамыту бағытында тәжірибе алмаспақ. Сонымен қатар жақында екі облыс ортақ кәсіпкерлік бағытында келісімшарт жасасты. Оның аясында өндіріс объектілері мен тұрғын үйлерге қолдануға арналған су тазарту жұмыстары қолға алынбақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521