Атырау мен Алматыны жалғайтын пойыз жолға шықты

(0 Votes)

«Атырау – Алматы» бағыты бойынша қосымша №41 жолаушылар пойызы іске қосылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, осыған  дейін  Алматы қаласына 41/42 «Тальго»  және  29/30 нөмірлі Атырау – Шымкент бағытындағы пойыз күн ара қатынаған болатын. Қазір аталған  пойыздардың қозғалысы тоқтатылып, олардың орнына  41/42 нөмірлі  Атырау-Алматы пойызы стандартты вагондармен күн сайын жолаушы тасымалдайды.

Жаңа пойыз күнделікті қозғалыс кестесіне енгізілді. Жол жүру уақыты — 52 сағат 15 минут. Құрамында шамамен 15 жаңартылған купе және плацкарт вагон бар. Теміржол көлігі бір рейс барысында 700-ге жуық жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. 

Өзгерістер жолаушыларға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыру және тасымалды оңтайландыру мақсатында енгізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT