Атырау мұнай және газ университетінің ардагерлер кеңесіне Мағауия Шырдабаев төрағалық етпек

Рейтинг: 0 / 5

Бүгін, 21 қаңтар күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ардагерлермен кездесу өткізілді.

Жиында университет ардагерлерінің кеңесі құрылып, төрағасы тағайындалды. Ректор Гүлзада Шакуликованың бастамасымен өткізілген жиында ардагерлер кеңесі атқаратын бірқатар жұмыстар талқыланды.

Жаңа кеңестің төрағасы болып Экономика ғылымдарының докторы, профессор, университет ардагері Мағауия Шырдабаев тағайындалды.

Ендігі кезекте олар оқу орнының жұмысы жоғары деңгейде жүруіне өз үлестерін қосып, бағыт-бағдар береді. Сондай-ақ, ардагерлер студенттермен арнайы кездесулер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі.

- Алда университеттің ғылыми жұмысын дамыту көзделген. Бізге осы бағытта жұмыс жасау үшін аға буынның кеңесі өте маңызды. Бұдан былай ардагерлер кеңесі айына бір рет жиналып тұрады, - дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.

Бүгінде университет ардагерлерінің саны - қырыққа жуық. Олардың арасында өңірдегі мұнай-газ саласында 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп, облыс көлемінде ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде еңбегі сіңген тұлғалар бар.

Мағауия Шырдабаев – ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі

http://hop.kz/5yli

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика