Атырау қаласының ХҚКО-ларында «Дербес менеджер» бойынша қызмет алуға болады

(0 Votes)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы Мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін бірнеше сервистерді ұсынады. Олардың бірі – дербес менеджердің қызмет көрсету қызметі.

Айта кетейік, дербес менеджер – бұл басым кезек бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін ХҚКО қызметкері. Соңғы үш айда бұл қызметті Атыраудың 90-ға жуық тұрғыны пайдаланды. Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді екенін қосамыз. «Дербес менеджерге» талон, сондай-ақ толық ақпаратты қабылдау үстелінен алуға болады.

– Бұл қызметті өз басым жиі қолданамын. Өйткені, қазіргідей бәріне тез арада үлгеруің тиіс, уақыт тапшы заманда бұл қызметтің көмегі орасан зор. Осындай ыңғайлы қызмет түрлері жыл сайын көбейе түсіп, халыққа оңтайлы өмір салты жасалып жатқаны қуантады», –  дейді қала тұрғыны Тұрар Тлемисов.

 Айта кетейік, дербес менеджердің қызметтерін Атырау қаласының №1, 2 және 3 ХҚКО-нан алуға болады. Сондай-ақ, жақында басымдық кезегі бойынша сервис мамандандырылған ХҚКО-ларда да пайда болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521