Атырау көлік прокуратурасы бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың ережесін жариялады

(0 Votes)

2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бейбіт жиналыс дегеніміз - келесі белгілерден тұратын қоғамдық іс-шара:

- бейбіт сипатқа ие;

- күш қолдануды көздемейді;

-  мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейді;

- Қазақстан Республикасының азаматтарымен жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізіледі.

Осы Заңға сәйкес жиналыстар, митингілер мен пикеттер ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген.

Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін 5 жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күні ішінде оны қарауға тиіс.

Осы мерзім өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда ұйымдастырушы бейбіт жиналыс өткізеді. Демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі белгіленген. Өтініш іс-шара өткізілетін күнге дейін он жұмыс күні бұрын беріледі.

Жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Осы уақыт ішінде ұйымдастырушы және жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және қауіпсіз өткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасайды.

Айта кету керек, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі керек.

Белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жазалау шарасымен 15 тәулікке қамауға алуға дейінгі жауапкершілік көзделген.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейтін қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).

Атырау көлік прокуратурасы

 

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика