Атырау – ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы өңір

(0 Votes)

Президенттің биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінуі – ауыл еңбеккерлері үшін үлкен қуаныш. Елбасы атап өткендей, агросекторды заманауи технологиялармен дамыту, су үнемдеу жүйесін енгізу, жердің құнарлылығын арттыру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері.

Атырау облысы үшін мал шаруашылығы мен егіншілік қатар өркендеу мүмкіндігі бар. Әсіресе, жайылымдарды тиімді пайдалану, отандық тұқым шаруашылығын жетілдіру және өнімді өңдеу ісін күшейту – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырады. Президент көтерген бастамалардың жүзеге асуы ауыл жастарына жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдың әлеуметтік дамуына серпін береді.

Менің ойымша, ауыл шаруашылығын дамыту тек экономикалық қажеттілік емес, бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Жолдауда айтылған міндеттерді жүйелі түрде орындасақ, қазақтың ауылдары жаңаша дамудың үлгісіне айналары сөзсіз.

Елемес Абдошев,

Ауылшаруашылығы саласының ардагері 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT